Тағайындау • 19 Ақпан, 2021

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына енген ұстаз

462 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Гүлзира Анартаева «Қазақстанның 100 жаңа есім» энциклопедия жобасына еніп, еліміздегі ең үздік педагогтар қатарынан табылды, деп хабарлайды Еgemen.kz

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына енген ұстаз

Ұстаздық- ұлы қызмет. Шымкент қаласында 33 жылдан бері мектеп оқушыларына орыс тілін үйретіп, сүйіспеншілігіне бөлене білген ұстаздардың бірі – Гүлзира Анартаева. Тәрбие бар жерде, білім де бар деген ұстаныммен жүретін ұстаздың шәкірттері халықаралық олимпиадада жеңіске жетіп, ғылыми конферецияларға белсенді қатысып келген.

Гүлзира Ұласбекқызы қазіргі таңда Ө.А.Жолдасбеков атындағы №9 IT- лицейінде еңбегін жалғастырып отыр. Өз саласын жетік меңгерген ұстаз – 2019 жылы «Қазақстанның 100 жаңа есім» энциклопедия жобасына еніп, еліміздегі ең үздік педагогтар қатарынан табылды.

 Ұзақ жылдар бойы ғылыми – сараптама жұмыстарымен айналысып келген педагог әр сабағын жоғары деңгейде ұйымдастырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып отырады.

Г.Анартаева педагогикалық біліктілікті арттырудың деңгейлі бағдарламасы бойынша сертификатталған, педагог-шебер. Ол жас мамандардың біліктілігін арттыру жолында да өз тәжірибелерімен бөлісіп келеді.

Осы күнге дейін ұстаздың еселі еңбектері еленіп, ҚР Білім және Ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы» және өткен жылы «Үздік педагог-2020» төс белгісімен марапатталған. Сонымен қатар, білім саласында түрлі олимпиадаларда жеңімпаз болып, халықаралық ғылыми конференцияларға белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттар мен жоғары дәрежелі диплом табысталған.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше