Таным • 08 Қаңтар, 2021

Қорда тұрған құнды мұра

455 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елорда төрінде орналасқан Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы мекемесі қазіргі таңда қоғамда орын алып отырған карантиндік режімге байланысты өз қорында сақтаулы тұрған құнды жәдігерлердің онлайн таныстырылымын жүргізуде. Соның бірі – «Жәмиғ әл-румуз уә ғауас әл-бахрайн» атты құнды мұра. Бұл кітап 1890 жылы Петерборда басылған көрінеді.

Қорда тұрған құнды мұра

Мекеменің ғылыми-әдістеме жө­ніндегі орынбасары Қайыржан Күзембаевтың айтуына қарағанда, бұл шығарма фиқһ ілімін, яғни ислам заңдары жинағын тәпсірлеген аса бағалы туынды. Авторы екі адам, нақтырақ айтқанда қос ғұла­маның біріктірілген еңбегі. Бірін­шісі – Шамсуддин Мухаммад бин Хусамуддин әл-Хорасани әл-Кухустани атты ғалым болса, екіншісі  хижраның 953-жылдары дүниеден өткен (милләди күнтізбесі бойынша 1546 жылы) Фаруддин бин Ибрахим әпәнді әл-Қазани деген адам екен.

Кітап жайлы анықтамалықта бұл туынды хижраның 941 жылы (мил­ләди күнтізбесі бойынша 1534 жыл) зұлқиджа айының 18-ші жұлдызы сәрсенбіде жазылып біткені жайлы тас­паланыпты. Бірақ арада үш ғасырдан астам уақыт өткенде, яғни хижраның 1308-жылы (1890) ережеп айында жарық көргені жайлы және баспадан шығар тұста қаңтар айында бірінші басылымына, ал тамыз айында екінші басылымына рұқсат алынғандығы туралы дерек сақталған.

Кітаптің бірінші бөлігі – «Жәмиғ әл-румуз» деп аталып, мұнда  Қухус­танидің ханафи мәзһабы бойынша ислам фиқһтерінің (заңдарының) тәпсірі жазылған.

Келесі бөлігі – «Ғауас әл-бахрайн» деп аталады екен. Мұнда негізінен ғалым Фахруддин әл-Қазанидің ислам ілімдеріне жасаған түсіндірмесі берілген. Бұл бөлім 93-беттен баста­лып 712-бетпен аяқталған. Мұнда сауда-саттық түрлері мен шарттары, өсім турасында, жалға алу-беру талаптары, кепіл, серіктестік, өсиет, ұрлық, қылмыс секілді т.б. тақырыптар қамтылған.

«Кітаптың алғашқы бетінің жоғары жағында «Кітаптың иесі Мулла Даруиш бин Махан» деген арабша жазу бар. Осыған қарағанда бұл адам туындының жарық көруіне атсалысқан және автор­лық құқына иелік етуші тұлға болса керек», дейді Қайыржан Ғизатұлы.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25