
Бұл салмақта Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының өкілдері үстемдік құрды. Финалдық сайыс Иоланта Бердібекова мен Кристина Сотникова арасында өтіп, алғашқысы алтыннан алқа тағынды. Осылайша, бас жүлде Алатау баурайынан келген аруға бұйырды. Үшінші орынға алматылық Саера Мырзахметова мен өскемендік Зарина Сарипова табан тіреді.