Аймақтар • 14 Қазан, 2020

Қостанай қаласының 5106 тұрғыны “BIRGEMIZ” қорынан көмек алды

350 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев таяуда бүкіл ел бойынша тағы 100 мың әлеуметтік аз қамтылған отбасыға 50 мың теңге көлемінде қосымша атаулы төлем ұйымдастыруды тапсырғаны белгілі. Бұл мақсатқа «Birgemiz» қорынан 5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлініп, біржолғы қаржылай көмекке жұмсалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай қаласының 5106 тұрғыны “BIRGEMIZ” қорынан көмек алды

«Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалының баспасөз қызметі «Елбасының тапсырмасы бойынша «Нұрсұлтан Назарбаев Қорының» қолдауымен қаржы «Birgemiz» қорының шотына түсті» - деп мәлімдеді.

Қазіргі таңда бір реттік әлеуметтік төлемді Қостанай қаласының 5106 тұрғыны алып үлгерген.  Көмек қаражатты алушылардың 7 санаты бар.

- Олардың қатарында тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар, мұқтаж мүгедектер, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар, ең төменгі зейнетақы алатын және халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жататын зейнеткерлер, жетім балалар (тұл жетім балалар мен асыраушысының бірінен айрылған балалар), Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер және соларға теңестірілгендер, тыл еңбеккерлері бар, - дейді Birgemiz қорының облыстық филиалының төрағасы Сералы Ахметов.

Қор төрағасының сөзінше, көмек алушылардың тізімін бұрынғыдай әкімдер ұсынады. Ал филиал бұл жолы бұрын көмек көрсетілмеген азаматтардың әлеуметтік қолдауға ие болуын қадағалайды.

Естеріңізге сала кетейік, «Birgemiz» қоры осы жылдың наурыз айында Тұңғыш Президент, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен коронавируспен күрес жағдайында халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында құрылған болатын. Осы уақыт аралығында 550 мыңнан астам мұқтаж азаматқа қор қаражатынан 50 мың теңгеден қаржылай қолдау көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025