Аймақтар • 14 Қазан, 2020

Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Қостанайда жүр

105 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің Қостанай облысына жұмыс сапары жалғасуда. Сапар барысында ол қоғам белсенділерімен және праймериз қатысушыларымен кездесіп, «Nur Otan» партиясының таяудағы 5 жылға арналған өңірлік сайлауалды бағдарламасының жобасын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Қостанайда жүр

"Елбасы, партия Лидері Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен партияішілік сайлау өткізу кезінде еліміз бойынша азаматтардан 20 мыңнан астам ұсыныс жиналды. Олардың мыңнан астамы Қостанай облысының тұрғындарынан түсті.

Талдау көрсеткендей, адамдар негізінен ауыл ішіндегі жолдардың сапасы, сумен және газбен қамту, тұрғын үй мен білім беру нысандарын салу, ауылдық мектептерде компьютер техникаларын жаңарту мәселелерін көтеруде. Тұрғындардың ауылдағы интернеттің жылдамдығына да көңілдері толмай отыр. Көтеріліп отырған мәселелердің өзектілігін ескеріп, оларды облыстық сайлауалды бағдарламаға міндетті түрде қосу қажеттігі жайында пікірімді айттым.

Өңір халқының үштен бірі ауылдық жерде тұратындықтан, партияның Қостанай облысы бойынша сайлауалды бағдарламасы ауыл шаруашылығын айтарлықтай қолдау шараларын көздейді. Атап айтқанда, таяудағы 5 жылда облыста егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыруды қамтамасыз ету, жаңа суармалы жерлерді айналымға енгізу, техниканы жаңарту, сондай-ақ өңдеуші ауыл шаруашылық кәсіпорындарын іске қосу және жаңғырту жоспарлануда.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев ел халқына Жолдауында дамыған ауыл шаруашылығынсыз бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін еместігін атап өтті. Осыған байланысты өңірді табиғи сүтпен және жоғары сапалы ашытқан сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған «Олжа Садчиковское» ауыл шаруашылығы кәсіпорнының қызметімен таныстым. Бұл кәсіпорын – 320 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отырған өңірдегі дамыған жоғары технологиялы өндірушілердің бірі», - деп жазды Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында.

д

Партия Төрағасының бірінші орынбасары кәсіпорын қызметкерлерімен сұхбаттасып, олардың бірқатар өтінішін бақылауға алды. Мысалы, Садчиковка ауылының тұрғыны Тамара Кисилева осы елдімекендегі жалпы ұзындығы 6 км болатын екі орталық көшеге жөндеу жүргізуді өтінді. Бұл көшелердің бойында 1350-дей тұрғын бар.

Жұмыс сапарының соңында Бауыржан Байбек Қостанай қаласындағы жаңа модульді инфекциялық ауруханамен танысты. Өңірдің медицина қызметкерлерімен бірге денсаулық сақтау ұйымдарының коронавирус пандемиясының туындауы мүмкін екінші толқынына дайындығы жайын талқылады.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025