Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2020

Алматыда өртенген пәтерден 3 адам құтқарылды

1 мин
оқу үшін

Алматылық өрт сөндірушілер өртеніп жатқан пәтерден үш ер адамды құтқарды. Пәтерде төсек-орын мен тұрмыстық заттар өртенген, деп хабарлайды Egemen.kz inAlmaty.kz қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда өртенген пәтерден 3 адам құтқарылды

Үшінші қабаттың терезесінен шыққан түтінге байланысты көршілері өрт сөндірушілерді шақырған.

"Өрт сөндірушілер өртеніп жатқан пәтердің дәлізінде ер адамның жатқанын көрді, пәтердің қонақ бөлмесінде тұрмыстық заттар мен төсек-орын өртеніп жатқан. Ол жерден тағы екі адам табылды. Олар мас күйде болғанға ұқсайды", деп хабарлады баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер ер адамдарды өртеніп жатқан пәтерден шығарып алып, оларды токсикология бөліміне жатқызу үшін жедел жәрдем тобына тапсырды. Қазіргі уақытта олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Digital: дәуір дидары

Digital • Бүгін, 08:20

Әр операция – бір тағдыр

Маман • Бүгін, 08:15

Trade-in тұтынушыға тиімді тетік пе?

Сараптама • Бүгін, 08:10

Жасанды интеллект пен «жасыл» энергетика

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:07

Атына заты сай кәсіпорын

Өндіріс • Бүгін, 08:00