Әлем • 28 Тамыз, 2020

Ауғанстандағы су тасқынынан зардап шеккендер саны артты

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел билігі таудағы Парван провинциясында нөсер жаңбырдан орын алған су тасқыны салдарынан 900-ден астам отбасыны қауіпсіз жерге көшірді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Ауғанстандағы су тасқынынан зардап шеккендер саны артты

Кем дегенде 250 адам жарақат алды. Тірі қалғандардың айтуынша, қаза болғандар арасында балалар көп. Табиғи апат салдарынан қаза тапқандар саны әлі де өсуі мүмкін.

Ауғанстан аудандары құрғақшылықтан да, оңтүстіказиялық муссон кезеңіндегі толассыз жаңбырдан да үнемі зардап шегіп отырады. Жергілікті тұрғын 45 жастағы шаруа Мұхамед Қасым AFP-ға су тасқыны салдарынан отбасының 11 мүшесі қайтыс болғанын айтты.

"Менің әпкем, оның күйеуі, екі қызы мен олардың балалары бір үйде ұйықтап жатқан еді", деді Қасым. Парван провинциясы билігінің айтуынша, су тасқыны Чарикар қаласын басқан, жергілікті аурухана жарым-жартылай қирады, жарақат алған көптеген адам Кабул ауруханаларына ауыстырылды.

Провинцияның баспасөз хатшысы Вахида Шакхар құрбандар санының саны әлі де өсуі мүмкін екенін мәлімдеді, себебі құтқару командалары қираған үйлердің астында қалған адамдарды іздеу жұмыстарын жүргізуде. Кем дегенде сегіз адам, соның ішінде екі бала суға батып кеткені, 14 адам жарақат алғаны хабарланып отыр.



Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше