Аймақтар • 28 Тамыз, 2020

Қостанай облысындағы ең үздік мектеп анықталды

365 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қостанай облысында орта білім беретін мекемелер арасында өткен байқау қорытындысы жарияланды. Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ермек Айтмағамбетовтың айтуынша, биыл Әулиекөл ауданындағы С.Баймағамбетов атындағы мектеп-гимназия аймақтағы ең үздік мәртебесіне ие болып отыр. Ал кәсіптік-техникалық білім беретін мекемелердің ішінен Қостанай педагогикалық колледжі озып шыққан. Аталмыш білім ошағына 34 миллион теңгенің сертификаты табыс етілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қостанай облысындағы ең үздік мектеп анықталды

Биыл облыста 300-ге жуық ұстаз жоғары марапаттарға ие болды. Мысалы, 7 мұғалім "Ы.Алтынсарин" төсбелгісін омырауына тақса, 8 мұғалім "Білім беру ісінің құрметті қызметкері" белгісіне ие болды. Мұның сыртында, білім саласында талмай еңбек етіп келе жатқан жүздеген ұстазға  Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты және облыс әкімінің грамоталары табыс етілді.

- Жаңа оқу жылының 1 тоқсанында білім беру негізінен қашықтан ұйымдастырылады. Облыс мектептері үшін бұл жаңалық емес. Өткен жылы біраз тәжірибе жинақтадық. Аймақтың білім беру саласын цифрландыру бағытында да қыруар шаруа тындырылды. Мәселен, соңғы үш жыл ішінде облыс мектептерінде жалпы сомасы 340 млн теңгеге 66 IT-сынып және 32 робототехника кабинеті ашылды. Биылдың өзінде жазғы маусымда 1,4 млрд теңгеге 6 мың компьютер сатып алдық. Бұған қоса, 15 қыркүйекке дейін үкіметтік резервтен бөлінген 2,4 млрд теңгеге 15 мыңнан астам компьютерлік техника сатып алуды ойластырып жатырмыз. Сондай-ақ, жаңа оқу жылына қажетті оқу материалдарын сатып алуға шамамен 1,2 млрд теңге жұмсалды, деді Е. Айтмағамбетов.


Қостанай облысы

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025