Қазақстан • 26 Тамыз, 2020

БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Қазақстандағы миссиясын аяқтады

83 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомураны еліміздегі миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Қазақстандағы  миссиясын аяқтады

Дипломаттар еліміз бен Ұйым арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және кеңейтуге тараптардың өзара ықпалдастығын атап өтті.

БҰҰ өкіліне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Алғыс хат табысталды. Сыртқы саяси ведомствосының басшысы Тұрақты үйлестірушіге БҰҰ-мен қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін, сондай-ақ Дүниежүзілік ұйым алаңында қазақстандық бастамаларды ілгерілетуге белсенді қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Н. Шимомура өз тарапынан Қазақстан Үкіметіне сындарлы ынтымақтастық үшін алғыс айтып, ҚР мен БҰҰ арасындағы берік және сенімді қарым-қатынастардың одан әрі дамитынана сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше