Қазақстан • 14 Тамыз, 2020

Белсенді жастар жоғары оқу орындарында тегін оқиды

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа оқу жылының алдында "Жас Отан" жастар қанаты Алматылық студенттерге ерекше сый жасады, - деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан ұлттық телеарнасына сілтеме жасап. 

Белсенді жастар жоғары оқу орындарында тегін оқиды

Қоғамдық шараларға белсенді атсалысқан бірнеше жас жоғары оқу орындарының грантын иеленді. Қуанышқа кенелгендердің дені аз қамтылған, көп балалы, жартылай жетім және мүгедектері бар отбасының балалары.

"Jas Otan" Жастар қанатының Алматы қаласы бойынша төрағасы Мәди Ахметовтың айтуынша, бұл бастама волонтер жастардың отбасына, өздеріне ауыртпалық түсірмеу үшін қолға алынған. 

"Біз олардың еңбегін бағалай отырып, осындай шешімге келді. Пандемия кезінде, Арыс және Мақтаарал оқиғасы кезінде талмай еңбектеніп, өңірлерді қалыпқа келтіруге үлес қосқан волонтерлар да бар. Біз олардың орасан еңбегін жоққа шығара алмаймыз", - дейді ол.