Аймақтар • 28 Шілде, 2020

Шымкентте коронавирусқа шалдыққан науқастарға психологиялық көмек көрсетіледі

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Тимирхан Варзилов мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте коронавирусқа шалдыққан науқастарға психологиялық көмек көрсетіледі

Оның айтуынша, індетке шалдыққан науқастар аталған психологиялық көмекті «1430» қосымшасына тіркеліп, онлайн түрінде алады. 

"Бұл "1430" мобильді қосымшасында білікті психологтар тобы жұмыс істейді. Мамандар коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан науқастарға психологиялық оңалту жұмыстары бойынша онлайн түрде кеңес береді. Аталған індеттің нейротоксикалық әсері болғандықтан, науқастың бойында үрей қалады. Сол себепті күйзелістен арылтып, қалыпты өміріне бейімдеу үшін бұл көмектің маңыздылығы ерекше", – деді Т.Варзилов. 

Айта кетейік, "1430" онлайн кеңес беру мобильді қосымшасы осы жылдың 15 шілдесінен бастап іске қосылды. Бүгінде қосымшаға тіркелген эпидемиолог, инфекционист, пульмонолог сынды бейімді мамандардан бастап, жалпы саны 692 дәрігер халыққа онлайн түрде өз қызметтерін көрсетуде.

Аталған кеңес тобына хабарласып жатқан науқастардың саны күннен-күнге артып, қашықтықтан консультациялық кеңес беру жұмыстары қарқынды жүруде.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше