Маңғыстау облысының орталығы – Ақтау қаласында естіген жанның жағасын ұстататын осындай оспадар оқиға орын алды. Қаладағы тұрғын үйлердің алдындағы аулада картон жәшікте ойнап отырған балаларды «ГАЗ-3302» автокөлігінің жүргізушісі тапа-тал түсте басып кеткен.

Болған оқиғаның салдарынан 2006 жылы туған ер бала мен 2009 жылы туған қыз бала зардап шекті.
«Ер баланы алған жарақаттарымен облыстық балалар ауруханасына жатқызуға тура келді. Қазір ол травматология бөлімінде жатыр. Шынтақ буыны сынған қыз балаға медициналық көмек көрсетілді, ол қазір үйіне шығарылды. Аталған оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында жүргізуші тергеуге алынды», деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Шолпан Юлдашева.
Мұрат АЙТҚОЖА.