Хоккей • 19 Маусым, 2020

Бас бапкер тағайындалды

544 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін «Барыс» клубының жаңа бас бапкері тағайындалды. Алдағы маусымнан бастап елорда ұжымын қазақстандық маман Юрий Михайлис жаттықтыратын болды.

Бас бапкер тағайындалды

51 жастағы Қарағанды қаласының тумасы Ю.Михайлистің клубпен арадағы келісімшарты бір жылға жасалған. Бап­керлік мансабын 2007 жылы баста­ған маман 13 жылдан бері «Барыс» жүйе­сінде жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ара­лы­ғында ол «Барыс-2», «Снежные Барсы» және «Номад» командаларын жаттықтырған.

Михайлистің басшылығымен «Номад» 2017 жылы ел чемпионы атанып, 2017/18 жылғы маусымда Құрлықтық кубоктың күміс медалін жеңіп алған-ды. Ал өткен маусымда ол «Номад» клубымен Жоғары хоккей лигасында бақ сынады. Сонымен қатар Юрий Михайлистің Қазақстан құрама командаларымен табысты жұмыс тәжірибесі бар. Атап айтар болсақ, ол 2018 жылы «Барыс» және Қазақстан ұлттық құрамасында Ғалым Мәмбетәлиевтің көмекшісі қызметін атқарған.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше