Аймақтар • 22 Мамыр, 2020

Жалғызбасты анаға пәтер сыйлады

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Айлардың сұлтаны атанған қасиетті Рамазан айында  Көкшетауда тағы бір отбасы баспаналы болды. Яғни, Науан хазірет орталық мешіті мен «Зекет» корпоративтік қайырымдылық қоры қолға алған «Ел үлесі – пәтерге!» жобасы аясында төрт бала тәрбиелеп отырған жалғыз басты анаға Красный Яр кентінен екі бөлмелі пәтердің кілті табысталды.

Жалғызбасты анаға пәтер сыйлады

Жалғыз басты ана  Гүлнәр Қасымованың қуанышында шек жоқ.  Көп жылдар арман еткен баспанасына қол жеткізді. Осы уақытқа дейін ол төрт баласымен жалдамалы пәтердің табалдырығын тоздырып келген болатын.   

– Жарымның қайтқанына 13 жыл болды. Сол кезден бастап үй кезегінде тұрмыз.  Көктемде іргеден су өтіп, баспанамыз салқындап, суық тиді. Аяғым ауыратын болды. Халыққа  ризамын, алғыс айтамын,–дейді  көпбалалы ана Гүлнәр Қасымова.

Иә, бұл жобаның ауқымы үлкен. Өткен жылы 6 пәтер өз иесін тапса, осы жылдың жарты жылдығыда 5 отбасы баспаналы болды. Алдағы уақытта да игі шара өз жалғасын табады.

 

Ақмола облысы

Соңғы жаңалықтар

«Ғалия» кітапханасының мөрі

Жәдігер • Бүгін, 09:05

Көкше көшетімен көрікті

Талбесік • Бүгін, 08:55

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:52

Әбіштің қолтаңбасы

Мирас • Бүгін, 08:50

Өмірзақтың өнегелі жолы

Руханият • Бүгін, 08:48

Су сүзгілері өндіріледі

Ғылым • Бүгін, 08:45

«Дәридайлап» жыр төккен

Руханият • Бүгін, 08:43

Ән-аманат

Тұлға • Бүгін, 08:40

Жоғалып табылған сурет

Жәдігер • Бүгін, 08:38

Академик, ұстаз тағылымы

Тағзым • Бүгін, 08:35