
«Жұмыстың қайта жанданғанына қарамастан, әкімнің өкіміне сәйкес карантиндік шаралар алынып тасталған жоқ. Демек бұған дейін сатып алған барлық абонементтер мен резиденттік келісімдер автоматты түрде созылатын болады. Тұрақ ақысын қолғап киіп төлеуге, қашықтықты сақтауға кеңес береміз», деді компания өкілдері.