Бағдарламалар • 12 Мамыр, 2020

Бағдарламаның сапалы жүргізілуі маңызды

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы уақытта мемлекеттік комиссия экономикалық өсімді қалпына келтіру мақсатында жұмыс істейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында экономиканы қалпына келтіру үшін барлық мүмкіндікті пайдалану керектігін айтты.

Бағдарламаның сапалы жүргізілуі маңызды

Президент прогрессивті салық төлеуді де ұсынды. Бұл қадамға бірден бара қоймасақ та, біртіндеп өтуіміз қажет. Прогрессивті салық нені білдіреді? Бұл дегеніміз айлығы онша жоғары емес азаматтар қазіргіге қарағанда салықты аз төлесе, айлығы жоғары азаматтар үшін салық мөлшері көбейеді деген сөз.

 Белгілі болғандай, 4 жарым миллионнан астам адамға 42500 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Халық арасында тепе-теңдікті сақтау үшін бұл бастама тиімді әрі дұрыс деп есептеймін.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 15 млн шаршы метр немесе 150 мың үй мен пәтер салынатынын хабарлады. Қазіргі карантин кезінде халық үй алу үшін жинаған қаражатын жаратып қоюы мүмкін. Сол үшін баспаналы болудың мүмкіндіктерін арттыру көзделіп отыр. Бұған дейін қолданылып келген «7-20-25» бағдарламасының негізінде кезекте тұрған адамдарды несиелік тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жаңа «5-10-20» бағдарламасын іске қосу тапсырылды. Тапсырманы орындау үшін Мемлекет басшысы 390 млрд теңге бөлінетінін мәлім етті. Осы ретте жаңа бағдарлама еліміздегі тұрғын үй бағасына да айтарлықтай әсер ететіні сөзсіз. 20 жыл мерзімге жоспарланған бағдарламаның сапалы жүргізіліп, тұрғын үйдің  қолжетімді болуы – еліміз үшін маңызды.

 

Сапарбай ЖОБАЕВ,

экономика ғылымдарының кандидаты

 

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025