
«Бұл шаралар айырбастау пункттеріндегі валюталарды сатып алу және сату бағамдары арасында негізсіз жоғары маржаны орнатуға қарсы және әлемдік қаржы нарықтарындағы құбылмалы жағдайға байланысты қаржылық тұрақтылықты сақтауға бағытталған. Шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері: 1) АҚШ доллары – 6 теңге; 2) еуро - 7 теңге деңгейінде белгіленді. Қабылданған шектеулер қолма-қол ақшасыз өткізілетін айырбастау операцияларына қолданылмайды. Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Ұлттық банкінің интернет ресурсында танысуға болады»,– делінген хабарламада.