Аймақтар • 23 Сәуір, 2020

Махамбет Досмұхамбетов: Сыбайлас жемқорлықтың тамыр жаюына жол бермеу керек

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов  сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесіне арналған селекторлық кеңес өткізіп,  төтенше жағдайға байланысты күшейтілген карантин енгізілгенмен, сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі күн тәртібінен түспейтінін  атап өтті.

Махамбет Досмұхамбетов: Сыбайлас жемқорлықтың тамыр жаюына жол бермеу керек

– Өйткені, Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік пен елдің болашағына нұқсан келтіретін сыбайлас жемқорлықпен күреске бір адамдай жұмылуға шақырды. Сондықтан отандық экономика үшін, қоғамның әр саласы үшін ең қауіпті кесел – сыбайлас жемқорлықтың тамыр жаюына жол бермеуіміз керек,  - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы  Қанат Қожахметов Antikor.Live. жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы контентті онлайн форматта таратып жатқанына тоқталды.

– Биылғы жыл басынан бері облыста пара алуға, бюджет қаражатын жымқыруға, сондай-ақ,  өкілеттігін теріс пайдалануға байланысты  40-тан астам сыбайлас жемқорлық қылмысы анықталды. Лауазымды қызмет атқаратын 15 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейі денсаулық сақтау және мемлекеттік сатып алу салаларында байқалады, - деді Қанат Қожахметов.

Оның айтуынша, былтырға қарашада сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген түзетулер енгізілді. Соның бірі – бағынышты қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық фактісі анықталса, басшылық лауазымдағы мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі мен саяси қызметшілердің  қызметінен кету тетігі.  

– Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу,  таралу жолдарын кесу, оның өршуіне жол бермеу бағытындағы күресті күшейтуіміз керек, - деді селекторлық кеңесті қорытындылаған облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025