Кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту үшін мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлық аз емес. Бірақ озық ой, үздік жоба болмаса төккен тер, қосқан қаржы зая кететіні қазір көпке белгілі болған. «Атамекен» одағы» ұлттық экономикалық палатасының қолдауымен «Атамекен Стартап» қоғамдық қоры өткізген Atameken Startup Kostanay бизнес-бастама байқауы болашақтағы үлкен істердің нышанындай сезілді. Негізі бұл шара Қазақстан бойынша ісін енді бастаған кәсіпкерлерді қолдауға арналған. Мұндай байқау Қостанай қаласында осымен екінші жыл өтіп отыр. Әрине, жақсы іске әркімнің таласы бар, қатысамын, үздік бастама, үздік тәжірибе ұсынамын дегендерге есік ашық. Алайда, ұсынған жобалардың сипаты міндетті түрде инновациялық, ал аймақ үшін жылт еткен жаңалығы болуы тиіс.

Байқау барысындағы берілген белгілі уақытта оған қатысушылар өздері жасаған жобалардың тұжырымын және бизнес-жоспарын дайындады. Ал жобалар бизнес пен технология саласындағы тәжірибелі сарапшылардың ықпал етуімен crush-тестер арқылы өтті. Үш күнге созылған байқаудың қорытындысында озық жобалар іріктелді және оған қатысушылар баға жетпес тәжірибелер алды. Байқауға барлығы 47 бизнес-бастама ұсынған 115 адам қатысқан болатын. Үздік жобалардың, қызықты бастамалардың көптігіне байланысты төрешілер алқасына жеңімпазды анықтау оңайға соқпады. Жасақталған 36 команданың 16-сы ғана төрешілердің ойынан шықты. Осы он алты команданың арасынан қазылар алқасы үш команданы ғана жүлделі орынға таңдап алды. Бірінші орынды «Green» командасы жеңіп алды. Оның құрамындағы Төлеш Мағзұм, Саят Шаймұрынов, Дәулет Есжанов пластик шөлмектерді жою және оларды өнеркәсіпте екінші шикізат көзі ретінде пайдалануды ұсынады. Жас кәсіпкерлер жойылған шөлмектерді өнеркәсіпте өңдеп, одан химиялық талшық, техникалық сұйықтар құятын ыдыстар және үйдің төбесін жабатын материалдар, тағы басқа да заттар алуға болатындығын дәлелдейді.
Екінші орынды «Вот в чем соль» командасы иеленді. Айжан Ахметова мен оның жетекшісі Владимир Поезжалов тұзды өңдеу өндірісінің импортты алмастыратын технологиясын ұсынды. Бұл технологиямен өңделген тұздың өзіндік құны ресейлік өнімнен екі есе арзанға түседі.
Ал үшінші орынды «Электр күшімен отаушы» жобасы үшін «Әйелдерді сақтаңдар» командасы иеленді. Бұл команданың мүшелері Елена Клименко мен Юрий Мартынюк арамшөпті отауға арналған электр құрылғысын жасауға болатынын айтады. Онымен жұмыс істеген кісі еңкейіп, күш жұмсап, белін ауыртып жатпайды. Арамшөпке бағыттап қондырғының түймесін басып отырады. Шөп электр тоғымен қырқыла береді.
Бақшаның шөбін отайтын негізінен әйелдер болғандықтан, команданың аты да осылай таңдалды. Бұл олардың жұмысын өте жеңілдетеді, дейді Юрий Мартынюк. Байқаудан жүлделі орын алған еңбектер ғана емес, өндіріске сұранып тұрған басқа да үздік жобалар экономиканы дамытудың мемлекеттік институты мен Қазақстанның бизнес-бастау клубына жіберілетін болады.
Байқаудың қазылар алқасының құрамында жергілікті кәсіпкерлер, басқарма басшылары, ғалымдармен қатар АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі мәдениет жөніндегі атташесінің орынбасары Дрю Петерсон да болды.
– Қазақстанның экономикалық дамуы үшін мұндай байқаулар өте қажет. Біздің Америкада осы тәрізді байқаулар жиі өтеді, әр қалада кәсіпкерлер арасында жарысқа негізделген қызықты шоулар өткізетін сауда палаталары бар, – дейді Дрю Петерсон.
Байқау тек түскен жобаларды іріктеп қана қоймайды, кәсіпкерлікке