Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Қостанай облысы 17 сәуірден бастап карантинге жабылады

2741 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов облыс тұрғындарына өзінің инстаграмм парақшасы арқылы хабарлады.

Қостанай облысы 17 сәуірден бастап карантинге жабылады

Құрметті қостанайлықтар!

Бүгін жедел штаб отырысы өтті. Денсаулық сақтау саласының мамандарын тыңдай келе, 17 сәуір күні сағат 00.00-ден бастап 1-ші мамыр сағат 07.00-ге дейін облыс аумағында карантин енгізу туралы шешім қабылданды.
Бұл, халықты коронавирустық инфекциядан қорғау үшін мәжбүрлі шара екенін атап өткім келеді. Мұндай тәжірибе, Қазақстанның басқа облыстарында қолданылуда. Ең алдымен, карантин режимі бізге барлық байланыстарға шектеу қоюға және қауіпті вирустың таралуына жол бермеуге мүмкіндік береді.

Қазір дәрігерлер, полиция қызметкерлері және тіршілікті қамтамасыз ету кәсіпорындарының қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс жасауда. Мен барлықтарыңызды олардың еңбектеріне құрметпен қарауға шақырамын. Біз Сіздермен бірге қолымыздан келгенше оларға көмек көрсете аламыз.

Облыстың барлық тұрғындарын карантин жағдайына барынша байыпты қарауды сұраймын. Үйде болып, барлық медициналық ұсыныстарды сақтау қажет.

Қымбатты қостанайлықтар!

Өздеріңізді және жандарыңызға жақын жандарды қорғаңыздар! Әрбір отбасына амандық, барлық қостанайлықтарға мықты денсаулық және сенімділік тілеймін. Біз қаншама рет қиындықтарды бастан өткердік, бірақ әрдайым тек алға жүрдік. Біз барлығын жеңеміз және осы жолы да жеңіске сөзсіз жетеміз. Біз біргеміз! – деді Архимед Мұхамбетов.

 

Қостанай облысы

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Нәзік иықтағы ауыр жүк

Әйел әлемі • Бүгін, 09:35

Арманына жеткен ару

Әйел әлемі • Бүгін, 09:30

Талапкерге қанат бітірген

Әйел әлемі • Бүгін, 09:25

Мейрам қарсаңындағы марапат

Тағзым • Бүгін, 09:20

Ел анасы, ерте оянған санасы...

Әйел әлемі • Бүгін, 09:10

Қазақ әйелдерінің шежіресі

Тарих • Бүгін, 09:05

Шаршы тақтаның шаһбазы

Шахмат • Бүгін, 09:00

Шекісудің де қайыры бар

Спорт • Бүгін, 08:50

Жерлесіміздің 20 жетістігі

Спорт • Бүгін, 08:45

Көпбалалы отбасы қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:40

Нәрестені ширатқан орталық

Аймақтар • Бүгін, 08:35

Көптің аманатын арқалаған

Әйел әлемі • Бүгін, 08:30