03 Сәуір, 2010

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: ҚИЫН КЕЗЕҢДЕРДІҢ ӨЗІНДЕ ДЕ АСТАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ТОҚТАҒАН ЖОҚ

618 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Кеше Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев­тың төрағалық етуімен Астана қаласын әрі қарай дамыту мәсе­лелеріне арналған Архитектура-құрылыс кеңесінің кезекті оты­рысы өтті. Кеңес отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Нұр­сұл­тан Назарбаев Астанада пай­да­лануға берілген және құрылысы жүріп жатқан бірқатар еңселі ғи­ма­раттарды атап, олардың барлы­ғы елорда тұрғындары мен қалаға келген қонақтарға қызмет көр­сетіп, демалуларына арналған­ды­ғы­на тоқталды. Соңғы жылдары Аста­на қаласы барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жағынан еліміздің шын мәніндегі көшбасшысына айналды, деді Пре­зидент осы жайында. Қиын кезеңдердің өзінде де Астананың құрылысы тоқтаған жоқ. Күн санап ажары айшықтанып келе жат­қан елордамыз өмір сүруге қо­лайлы, халыққа жайлы қала болып келе жатыр. Қаланың әдемі де ажарлы екендігі елордалықтарды да, қонақтарды да, тіпті алыс шет­елдерден келгендерді де таң-тамаша қалдыруда. Елбасы бұдан кейін елордада бой көтерген мәдени- сауықтыру, ойын-сауық орталықтары мен бі­лім беру орындарын атап өтті. Мем­лекет басшысының атап өтке­ніндей, биыл елордада Астананың жаңа университеті студенттерді қабылдайтын болады. Қала тұр­ғын­дарына емдеудің аса күрделі түрлерін шетелдерге бармай-ақ, осын­да емдеуге мүмкіндік жаса­лып отыр. Елордада бұқаралық спорт қанатын кеңге жая түсуде. Президент бұған мысал ретінде өткен жылы пайдалануға берілген жабық Орталық стадионды, басқа да спорт кешендерін келтірді. Еңселі елордамызда мәдениет орындарының қатары көбейіп ке­леді, деп жалғастырды сөзін Мем­лекет басшысы. Тәуелсіздік са­райы, “Қазақстан” концерт залы – бұлар әлемдегі үздік жобалар болып табылады. Бейбітшілік және келісім сарайы, Орталық цирк секілді ғимараттар бой көтер­ді. Азиада ойындарын өт­кізуге байланысты салынып жат­қан Мұз айдыны мен “Хан Ша­тыр” орталығы биылғы жылы пай­далануға беріледі. Қаланы дамыту барысында көптеген жұмыстар жүзеге асырылды. Президент Астана қаласын кө­галдандыру мәселесіне де арнайы тоқталып өтті. Елбасының тоқ­та­лып өткеніндей, он жылдың ішін­де Астананы жасыл орманды алқап­пен қамту аймағы 45 мың гектарға жетті. Соның нәтижесінде желдің қуаты едәуір азайып, ша­һар­дың ауа райы өзгере бастады. Ал 2020 жылға қарай орманды алқаптың көлемі 80 мың гектарға жететін болады. Әлемдік тәжі­ри­беде жүзеге асырылған мұндай жұмыстар әлі кездескен жоқ. Енді Астананы ірі инновациялық орта­лыққа айналдыруды қамтамасыз ету қажет. Өйткені, алдағы уақыт­та елорда экономикалық капитал өсімінің кіндігіне айналуы тиіс. Тұрғындарды емдейтін мекеме­лер бар, жастардың білім алатын оқу орындары жеткілікті, көпші­лік­тің спорт түрлерімен айна­лы­суларына барлық жағдайлар жа­салған, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қаланың ин­фрақұрылымы жақса­рып, көлік қа­тынасы жолға қой­ыл­ды. Астана Қазақстанның бар­лық аймағын дүниежүзіне жал­ғасты­ра­тын орталық болды. Біз ас­танамызды ажарлан­ды­ру мақса­тын­да елорда құрылысының не­гізгі шарттарының барлығын жү­зеге асырдық. Ендігі жерде біз на­ғыз астаналық тұрғын ретінде соған сәйкес тәртібіміз бен мәде­ние­тімізді қалыптастыруға ұмты­луы­мыз керек. Мемлекет басшысы, сондай-ақ алдағы жылдары Опера және балет театры, Қазақ және Орыс драма театрлары, Тарих мұражайы мен Оқушылар сарайы салынатынынан хабардар етті. Сонымен қатар, соң­ғы жылдары Астана сахна­ларын­да әлемге әйгілі жұлдыздар өнер көр­сете бастағанын, алдағы уақытта олардың қатары арта түсе­тінін атап өтті. Осының барлығы Тәуелсіз Қазақстанның астанасы – Астана қаласында еңселі мә­дениет ғима­рат­тарының көптеп бой көтеріп жат­қандығының арқа­сы. Пайда­ла­ну­ға берілген спорт кешендері бос тұрмауы керек, деді Президент осы жөнінде. Оларды елорданың тұр­ғын­дары мен қонақ­тары пайда­лануы тиіс. Елбасы сөзінің соңында жаңа оқу жылында есігін айқара аша­тын “Астананың жаңа универ­си­теті” акционерлік қоғамына тоқ­талып, университеттің мәні мен маңызына назар аудартты. Мем­лекет басшы­сы­ның атап өткенін­дей, бұл жаңа университет қазақ­стандық жастар­дың әлемдік дең­гейде білім алу­ла­ры үшін ашылып отыр. Онда әлем­ге танымал ғалым-оқытушылар дә­ріс береді. Енді қазақстандық жас­тар қаржы шығарып, шетелдерге бармай-ақ осында білім алатын болады. Өткен күздегі кеңес отыры­сын­да Президент Астана қала­сы­ның басшылығына елорданы да­мы­туға байланысты бірқатар тап­сырмалар берген болатын. Оның орындалуы туралы Астана қала­сы­ның әкімі Иманғали Тасмағам­бетов баяндап берді. Қала басшы­сының хабардар етуінше, қала тұрғындары санының қарқынды өсуіне байланысты елор­даның Бас жоспарына түзетулер енгізілді. Жаңа алаңның ауданы мен “Хан шатыр” орталығы қалып­тасты. Осы, тағы басқа өзгерістерге орай нақты кеңейтілген 30 жоба әзірленді. Өт­кен жылы тұрғын үй құрылыс са­ла­сын қаржылан­дыру­дың барлық көздерінен 1,250 млн. шаршы метр тұрғын үй пайда­ла­ну­ға берілді. Мемлекеттік бағдарлама бойынша 2010 жылдың соңына дейін 102,2 мың шаршы метр тұрғын үй тап­сырылатын болады. Қала әкімі “Балапан” бағдар­ла­ма­сының жүзеге асырылу бары­сынан да хабардар етті. Аталған бағдарлама бойынша алдағы уа­қытта 3 мыңдай баланы орынмен қамтамасыз ететін 14 балабақша коммуналдық меншікке қайта­ры­лады. Құрылысы аяқталған тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатын­да бүгінде жоспарланған 15 мек­тепке дейінгі шағын орталықтың үшеуі жұмыс істеп жатыр. Соны­мен қатар жаңа 10 балабақшаның құрылысы басталды. Ал 2011 жылы – 9, 2012 жылы 5 бала­бақ­ша­ның құрылысын аяқтау жоспар­ланып отыр. Жалпы, 2012 жылдың соңына дейін барлығы 38 бала­бақша бүлдіршіндерге есік ашатын болады. Астана қаласының әкімі алдағы уақытта жүзеге асырылуға тиіс жаңа жобаларға да тоқталды. Иманғали Тасмағамбетовтің атап өтуінше, “Әбу Даби Плаза”, 5 мың орындық “Хазірет Сұлтан” мешіті, 1200 орындық Классикалық опера және балет театры, Тұңғыш Пре­зи­дент қоры мен кітапханасының құрылысы басталады. Сондай-ақ жасыл белдеу бойынша елорда айналасына 20 мың түптен астам ағаш отырғызылып, қала ішіне 20 мың ағаш және 17 мың метрден астам тірі шарбақ отырғызу жос­парланып отыр. Бұлардан бөлек қазіргі кезде “Қазақ елі” мен “Отан қорғаушылар” монумент­тері алдын жаңарту жұмыстары жүр­гізіліп жатыр. Бұл жұмыстар Ас­тана күні қарсаңында аяқта­лады. Кеңес отырысын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қорытты. Қаралған мәселелерге байланысты тиісті мемлекеттік органдар мен ведомстволарға нақты тапсырмалар берді. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, “Егемен Қазақстан”.