07 Қыркүйек, 2013

Қояндыдағы білім ұясы

346 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Оқушылар жаңа мектепте оқиды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы негізінде елімізде жаңа мектептер бой көтеріп, сан мыңдаған бала қуанышқа кенелуде. Соның бірі жаңа оқу жылында елорда іргесіндегі Қоянды елді мекенінде бой көтерген жаңа мектеп ғимараты дер едік. Мыңнан астам оқушыны қабылдап отырған бұл жаңа білім ошағы ғимаратының ашылғанына жергілікті жұртшылықтың ризашылықтары шексіз.

– Осыған дейін балабақша ғима­ра­тын­да оқып келген оқушы­­ларымыздың қуа­ны­шында шек жоқ. Мұнда баласын же­тектеп келіп жатқан әрбір ата-ана Елба­сына алғыстарын айтып, қуанып жатыр. Себебі, бұрынғы 9 жылдық мектепте бар жоғы сексендей ғана оқушы болған. Ал қалғандары түгелдей Астанаға қатынап оқып келді. Енді міне, мектебіміз кең әрі бәрімізге орын жетеді. Ең бір қуанарлығы, бүгінгі күні оқушылар саны бір мың екі жүзге шығып отыр. Бұл ерекше жағдай. Мектеп толық пайдалануға берілгендіктен, жаңадан мұғалімдер де қабылдап жатырмыз. Бұрын өзге жер­­­лердегі мектептерде жұмыс жасап жүрген ұстаздардың дені бүгінде өз ауылымызда, өз мектебімізде дәріс оқитын болады. «Жас келсе іске» демекші біздегі мұ­ғалімдердің басым көпшілігі жастар. Жас­тардан көп үміт күтуге болады, – дейді мектеп директоры Жәди Шәкенұлы.

Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК,

«Егемен Қазақстан».