Қоғам • Бүгін, 02:18

Қарағанды-Қарқаралы автобусы жолға шықты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облысішілік маршруттық желіні дамыту шеңберінде ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінен бастап №109 «Қарағанды-Қарқаралы» ауданаралық (облысішілік қалааралық) бағыты бойынша жолаушыларды тасымалдау қайта басталады, деп жазады Egemen.kz.

Қарағанды-Қарқаралы автобусы жолға шықты

Конкурс өткізілгенге дейін маршрутқа уақытша келісім-шарт бойынша «Nomad Bus» ЖШС қызмет көрсетеді. Конкурс қорытындысы бойынша тұрақты тасымалдаушы анықталады.

Аталған маршрут Қарқаралы қаласы мен облыс орталығын тікелей байланыстыратындықтан, аудан орталығының тұрғындары үшін қоғамдық көліктің қолжетімділігіне қосымша қолайлы жағдай туғызады.

Тасымалдау Yutong маркалы үлкен сыйымдылықты жаңа жайлы автобустармен жүзеге асырылатын болады. Маршрут кестесі жолаушыларға қолайлы жағдай жасауды ескере отырып жасалған. Қарқаралы қаласынан автобус сағат 7.00 – де, Қарағанды қаласынан сағат 17.30-да жөнелтіледі. Бастапқы және соңғы пункттер арасында тариф 945 тенгеңі құрайды.