Спорт • 11 Сәуір, 2020

Крис Юбенк GGG-ні жекпе-жекке шақырды

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбританияның танымал кәсіпқой боксшы Крис Юбенк қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды. 

Крис Юбенк GGG-ні жекпе-жекке шақырды

WBA нұсқасы бойынша уақытша чемпион атанып отырған 30 жастағы Тұманды Альбион елінің түлегі БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында: «Біз 2016 жылы кездесуіміз керек еді. Алайда пысықайлар соңғы сәтте мені ысырып тастап, шаршы алаңға Келли Брукты шығарды. Бұл жекпе-жектің қалай аяқталғанын өздерініз де көрдіңіздер. Ал сол сәтте рингте мен болғанда барлығы басқа сценарий бойынша өрбитін еді. Иә, бүгінгі таңда барлық жұрт Головкинді жоғары бағалайтыны рас. Бірақ мен оны қалай жеңу керектігін жақсы білемін. Тіптен, GGG-ны нокаутқа да жібере аламын. Оған еш күмәндарыңыз болмасын», - деп мәлімдеді.

Крис Юбенк кәсіпқой рингте 2011 жылдың қараша айынан бері жұдырықтасып жүр. Сол аралықта ол 31 кездесу өткізіп, 29 рет жеңіске жетті. 22 қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Былтыр ол екі рет рингке көтеріліп, өз отандасы Джеймс Дигил мен ресейлік Матвей Коробовтан басым түсті.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше