Коронавирус • 08 Сәуір, 2020

Қызылорда: Шиеліде індетке шалдыққандар 47-ге жетті

1560 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы мәліметтер бойынша Қызылорда облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 9 науқастың анықталғаны белгілі болды. Өңірлік коммуникация қызметінің хабарлауынша  жаңадан вирус жұқтырғандардың барлығы Шиелі ауданынан тіркеліп отыр.  

Қызылорда: Шиеліде індетке шалдыққандар 47-ге жетті

Науқастардың ең жасы 8 жасар қыз болса, ең үлкені 1944 жылғы ер адам. Қазір науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық.

Бекітілген алгоритмге сәйкес олармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Осымен аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 85 адам анықталды. Оның тоғызы Қызылорда қаласында, 16-сы Жаңақорған,  4-еуі Қармақшы, жетеуі Сырдария, екеуі Арал ауданында тіркелген.

Аудандар арасында ауру көп байқалып отырған осы Шиелі ауданы. Қазір ондағы дерт жұқтырғандар қатары 47 адамға жетті.

 

Соңғы жаңалықтар

Өңір өніміне сұраныс жоғары

Аймақтар • Бүгін, 08:35

Ислам банкіне сенім артылды

Экономика • Бүгін, 08:25

Бұл қай жүйе?

Білім • Бүгін, 08:20

Ұлттық қордың шапағаты

Экономика • Бүгін, 08:15

Жаңа заңның жаңалығы

Заң • Бүгін, 08:08