Спорт • 07 Сәуір, 2020

Рюшту Речбер ауруханадан шықты

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның атақты қақпашысы Рюшту Речбер коронавирустен толықтай айығып, ауруханадан шықты. Бұл жаңалықты естіген барша жанкүйерлер қуанды. 

Рюшту Речбер ауруханадан шықты

«Речбер коронавирус дертіне шалдықты» деген хабар барша түркиялық жанкүйерлерге жайсыз тиді. Ол – шын мәнінде өз елінің ұлттық батыры. 46 жастағы Анталья өңірінің тумасы 1988-2012 жылдар аралығында «Антальяспор», «Фенербахче», «Бешикташ» және Испанияның «Барселонасында» өнер көрсетті.1992-2012 жылдар аралығында Рюшту Түркияның ұлттық командасының қақпасын қорғады. Сол аралықта 120 рет жасыл алаңға шығып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.

Анадолы елінің өрендері 2002 жылы әлем чемпионатында, 2003 жылы конфедерация кубогында және 2008 жылы Еуропа біріншілігінде қола медальді олжалағаны көпшіліктің есінде. Міне, дәл сол кездері қақпаны Речбер қорғаған. Оның қол жеткізген басқа да табыстары жетерлік.

Рюшту Речбер ауруханаға аса ауыр халде түскен еді. Десек те Алланың қалауы және дәрігерлердің көмегінің арқасында айтулы азамат сол дерттен айығып, үйіне оралды. Қазір ол бала-шағасының қасында.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50