Петиция авторлары бұл ұсынысты 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларына қатысты тарихи әділеттілікті қалпына келтірудегі Мұхтар Шахановтың рөлімен байланыстырады.
Аида Балаева Мұхтар Шахановтың неге Арыстан баб кесенесіне жерленбейтінін түсіндірді
Жоба авторлары ақынның өмір бойы тіл мен ұлттық құндылықтарды қорғауда белсенді болғанын да атап өткен.
Петицияда Абдулла Розыбакиев көшесінің таңдалуы оның қаланың маңызды көлік және қоғамдық орталықтар арқылы өтетін ірі көшелердің бірі болуымен түсіндірілген.
Сонымен қатар авторлар Абдулла Розыбакиев есімін мүлде алып тастау ұсынылмайтынын, оны ескерткіш, мемориалдық тақта немесе арнайы орындар арқылы сақтау қажет екенін де айтқан.
Айта кетейік, 2026 жылғы 20 сәуірде Мұхтар Шаханов өмірден өтті. Сол күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оның туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.