Аймақтар • 29 Наурыз, 2020

Түркиялық кәсіпкер Қазақстанға медициналық құрал-жабдықтар жолдады

1 мин
оқу үшін

Түркиялық кәсіпкер Хусейин Арслан Қазақстанға 1000 дана бетперде және тағы басқа да маңызды медициналық заттарды көмек ретінде жолдады. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.

Түркиялық кәсіпкер Қазақстанға медициналық құрал-жабдықтар жолдады

Негізінен ресми мекемелерде қолданылатын жабдықтар, 1000 дана бетперде, медициналық қолғап, комбинезон, вакуумдық көзілдірік және 100 дана қызу өлшегіш сынды маңызды заттардан құралған.

Аталмыш жабдықтар еліміздің денсаулық сақтау саласы мен арнайы мекемелерде қолданылатын болады. Жиыны жарты тонналық жүк тиелген ұшақ Нұр-Сұлтан қаласына қонды.

Айта кету керек, аталмыш бауырластық көмек ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Air Astana әуе компаниясының қолдауымен Анкарадан жөнелтілді.

Соңғы жаңалықтар

Уылжыған іңкәр сезім

Тұлға • Бүгін, 08:35

Мұхит баба ізімен

Тағзым • Бүгін, 08:25

Ауылдың ырысы ортаймайды

Ауыл • Бүгін, 08:10

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 07:50

Табыс тапсаң, «Таудай бол»!

Кәсіпкер • Бүгін, 07:30

Тыңайтқыш алудың ыңғайлы тәсілі

Шаруашылық • Бүгін, 07:20