02 Сәуір, 2010

ДУМА ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

570 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жақында Мәскеуде Ресей Мемлекеттік Думасының төрағасы Борис Грызлов пен Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі Зауытбек Тұрысбековтің кездесуі болды, деп хабарлады Қазақстанның осы елдегі елшілігінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастарды дамы­тып, парламентаралық және “Нұр Отан” ХДП мен “Единая Россия” партиялары арасындағы ынтымақтастықты тереңдету жайында пікір алмасты. Соны­мен қатар, Қазақстан, Ресей, Беларусь арасындағы Кедендік одақ және Жеңістің 65 жылды­ғын мерекелеуге дайындық ба­рысы туралы мәселелер қозғал­ды. Кездесуде З.Тұрысбеков Б.Грызловқа Қазақстан Пре­зи­денті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақ­стан халқына Жолдауының негіз­гі ере­желерін таныстырды. Та­раптар, сон­дай-ақ биылғы жылы Қазақ­стан, Ресей және Беларусь басшы­ларының қатысуымен өтетін “Азық-түлік қауіпсіздігі – проб­ле­малар мен перспективалар” тақы­рыбындағы форум шақыру жөнін­дегі мәселелерді де тал­қылады. Қазақстан елшісі Мемлекеттік дума төрағасын Ресейдің жоғары оқу орындарында қазақстандық жастарды инженерлік-техникалық мамандықтарға оқыту үшін квота бөлу туралы ұсыныс білдірді. Сонымен бірге, оны Ржевте неміс-фашист басқыншыларына қарсы соғыста қаза тапқан 100-ші және 101-ші атқыштар брига­да­сының құрамындағы қазақстан­дық жауынгерлерге ескерткіш ор­нату жоспары жөнінен де хабардар етті.