
Қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының Волонтерлер штабы Nur Otan партиясы мен Jas Otan ЖҚ еріктілерімен бірлесіп, халықтың әлеуметтік осал топтарына қажетті азық-түлік тауарлары мен гигиеналық құралдар (медициналық маска, антисептикалық құралдар) таратуды жалғастыруда. Бүгінге дейін 3 200-ден астам себет үлестірілген. Жалпылай алғанда, азық-түлік себеттерінің шамамен 5 мыңы таратылады деп жоспарлануда.