Аймақтар • 27 Наурыз, 2020

Маңғыстау: Коронавирус жұқтырған азамат Орал өңірінің тұрғыны болып шықты

1570 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін 27 наурыз күні Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам анықталды. Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласының 47 жастағы тұрғыны (ер адам). Бұл туралы Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.

Маңғыстау: Коронавирус жұқтырған азамат Орал өңірінің тұрғыны болып шықты

Ол бүгін таңда Ыстамбұл – Ақтау бағыты бойынша Ақтауға ұшып келген.  ОРВИ-діңбелгілері болуына байланысты анализдері алынып, бірден карантинге (арнайы боксқа) жатқызылды. Онымен бірге ұшып келген 74 адамның барлығыоқшауланып, карантинге алынды. Коронавирустыжұқтырған науқас Ақтау қаласыныңтұрғындарымен ешқандай қарым-қатынаста болғанжоқ. Тек борт серіктерімен және ұшқыштарменбайланыста болғаны белгілі. Олар да түгелкарантинге алынып, қатаң бақылауда. Қазіргіуақытта пациенттің жалпы жағдайы қалыпты, температурасы тиісті деңгейде. Ол өзін жақсысезінеді.

Соңғы жаңалықтар

Панфиловке баратын жол жаңарды

Инфрақұрылым • Кеше