Франциядағы қазақстандықтардың негізгі санаттары – жоғары оқу орындардың студенттері (171), соның ішінде «Болашақ» және «Абай-Верн» бағдарламаларымен және жеке бастамамен оқып жүргендер, француз компаниялары мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, жергілікті азаматтар жанұяларының мүшелері. Париждан бөлек отандастарымыз Лион, Страсбург, Гренобль, Монпелье, Лилль және т.б. қалаларда тұрады.
Екі мемлекет арасындағы тікелей әуе қатынасы тоқтатылғаннан бері (6 наурыздан бастап) Елшілік Қазақстанға, негізінен «Белавиа» және «Аэрофлот» компанияларының рейстерімен, 50-ден астам отандасымыздың және басқа да елдерден транзитпен келе жатқан бірқатар қазақстандықтардың елге оралуына жәрдемдесті.
Франция үкіметі 12 наурызда тұрғындардың жүруіне қатал шектеулерді енгізгенінен кейін Елшілік отандастардың сұрақтарына дер кезінде жауап беру мақсатында тәулік бойы істейтін «жедел желі» ашып, әлеуметтік желілерде ақпараттық және түсіндірме жұмысын күшейтті.
Отанға оралу немесе Франциядағы қазіргі тұрып жатқан орнында оқшаулану туралы шешімді әрбір қазақстандық жеке өзі қабылдайды. Дегенмен, дипломаттар жеке тәуекелдерін салыстыруға шақырады. Елге қайту жөнінде шешім қабылданған жағдайда дипломаттар шұғыл өзгеріп жатқан ахуалға бейімделген мүмкіндіктерін іздестіруде көмек көрсетуде.
Елшілік қызметкерлері Франциядағы отандастар «санағын» жүргізуін жалғастырып, оларда туындап жатқан мәселелерді зерделеуде. Осы орайда аталған мемлекетте уақытша немесе тұрғылықты тұрып жатқан барлық Қазақстан азаматтарын консулдық есепке тұруға шақырамыз. Бұл халықаралық қағида бірінші кезекте төтенше жағдайларда қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге бағытталған.
Әлем • 27 Наурыз, 2020
Франциядағы қазақстандықтар қиын жағдайда дипломаттардың қолдауын күнделікті сезуде
Франция COVID-19 коронавирусын жұқтырғандар саны бойынша әлемдегі бірінші ондыққа кіреді. Отандық дипломаттар Қазақстан Республикасының азаматтарымен тәулік бойы байланыста болып, елге оралуларына жәрдемдесуде. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Теміртауда балабақша тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 21:56
Ақтөбеде белгісіз біреу кішкентай қызды алып кетпек болған
Оқиға • Бүгін, 21:19
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Бүгін, 20:53
Нұржан Батырбеков Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды
Күрес • Бүгін, 20:28
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 19:55
Батыс Қазақстанда ауылдық округ әкімдерінің облыстық I форумы өтті
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45