
«Әлеуметтік желілердегі 2019 жылғы 19 наурыздағы №01 «Нұр-Сұлтан қаласының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі қосымша шаралар туралы» хабарлама жалған. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Сіздерден әлеуметтік желілерде тарайтын жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді, тек ресми ақпарат көздеріне сенім танытуларыңызды сұраймыз. Барлық тексерілген дәл ақпаратты әкімдіктің ресми сайтынан ала аласыздар», – деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде.