Елорда • 24 Наурыз, 2020

Нұр-Сұлтан қаласына кіріп-шығу үшін қандай құжаттар керек?

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалаға кіріп-шыққысы келетін азаматтарда өздерімен бірге жеке санитарлық қорғаныс құралдары болуы тиіс, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласына кіріп-шығу үшін қандай құжаттар керек?

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мәліметінше, Қазақстан астанасының аумағына кіру(шығу) өткізу-тексеру бекеттері арқылы келесі құжаттар болған жағдайда ғана жүзеге асырылады: алып жүрушінің жеке куәлігі мен төлқұжаты, тауардың (азық-түлік, құрылыс материалдары, дәрі-дәрмек пен темекі өнімдері) тауар-көліктік жүкқұжаты.

Сонымен қатар, кіретін (шығатын) тұлғалардың өздерімен бірге жеке санитарлық қорғаныс құралдары болуы тиіс: санитайзер мен гигиена құралдары (қосымша маска мен резеңке қолғап); қосымша жеке санитарлық қорғаныс құралдары (маска, халат, резеңке қолғап).

Оған қоса, Жадынамада көрсетілгендей, қала аумағына тауар жеткізу келесі мерзімге дейін жүзеге асырылуы керек: құрылыс материалдары мен азық-түлікке жатпайтын тауарлар түнгі уақытта сағат 22:00 мен таңғы 05:00-ке дейін; азық-түлік тауарлары, темекі бұйымдары мен дәрі-дәрмек өнімдері- тәулік бойы. Бұдан бөлек, астанаға ұзақ мерзімге келген көлік құралдары есепке алынады. Жүк көліктеріне штабтың келісімінсіз жүріп-тұруға рұқсат берілмейді. Қала аумағына көлік құралдарын өткізуге арналған өтінім үлгісі төменде көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше