Аймақтар • 23 Наурыз, 2020

Қостанай облысында соңғы бір тәулік ішінде 15 қылмыс тіркелді

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Науырзым ауданында екі адам кісі қолынан қаза тапты. Ауыр қылмысқа бас қосып ішімдік ішіп отырған  таныс үш адамның арасында туындаған жанжал себеп болған. – Нәтижесінде 41 жастағы ер адам бірі 52, екіншісі 39 жастағы екі танысын өлтірген. Қазір қылмыстық іс қозғалып, күдікті тергеу абақтысына қамалды, - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз орталығы.

Қостанай облысында соңғы бір тәулік ішінде 15 қылмыс тіркелді

Полиция баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалпы өңірде соңғы тәулік ішінде тіркелген қылмыстың бәрі дерлік дереу ашылған. Мәселен, Рудный қаласында жүргіншінің басынан құндыз бөркін жұлып алып қашқан бірнеше жасөспірім ізін суытпай ұсталған.  

Сондай-ақ облыс аумағында  бір тәулікте 2 жол көлік оқиғасы болып, одан 4 адам зардап шеккен. Жалпы мереке күні тіркелген 15 қылмыстың 12-сі із суытпай ашылды.

 

Қостанай облысы

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше