31 Наурыз, 2010

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

575 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының экономикасын ұзақ мерзімді кезеңде әртараптандыруды қамтамасыз ету және бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) бір ай мерзімде Қазақстанды индустрияландырудың 2010-2014 жылдарға арналған картасын және өндірістік қуаттарды ұтымды орналастырудың 2015 жылға дейінгі схемасын әзірлесін және бекітсін; 2) бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін; 3) жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 20 шілдеге және 20 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат берсін. 3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын. 4. Осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын. 5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінежүктелсін. 6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2010 жылғы наурыздың 19-ы.  № 958 Қазақстан Республикасының Заңы “2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1-бап. “2010-2012 жылдарға арналған рес­пуб­ликалық бюджет туралы” 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Респуб­ликасының Заңына (Қазақстан Респуб­ликасы Парла­мен­ті­нің Жаршысы, 2009 ж., №23, 119-құжат) мы­на­дай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 1-бапта: 1) тармақшада: “3 075 328 927” деген цифрлар “3 278 387 645” деген цифрлармен ауыс­ты­рылсын; “1 645 919 671” деген цифрлар “1 748 919 671” деген цифрлармен ауыс­ты­рылсын; “1 340 844 872” деген цифрлар “1 440 903 590” деген цифрлармен ауыс­ты­рылсын; 2) тармақшадағы “3 702 354 223” деген цифрлар “3 873 418 366” деген цифрлармен ауыстырылсын; 3) тармақшада: “15 795 898” деген цифрлар “29 511 098” деген цифрлармен ауыстырылсын; “113 194 111” деген цифрлар “99 478 911” деген цифрлармен ауыстырылсын; 4) тармақшада: “78 178 806” деген цифрлар “179 099 459” деген цифрлармен ауыстырылсын; “78 678 806” деген цифрлар “179 599 459” деген цифрлармен ауыстырылсын; 5) тармақшада: “-721 000 000” деген цифрлар “-803 641 278” деген цифрлармен ауыстырылсын; “4,1” деген цифрлар “4,6” деген цифрлармен ауыстырылсын; 6) тармақшадағы “721 000 000” деген цифрлар “803 641 278” деген цифрлармен ауыстырылсын; 2) 7-баптың бірінші бөлігінде: “53 817 484” деген цифрлар “29 005 216” деген цифрлармен ауыстырылсын; “11 731 128” деген цифрлар “12 130 368” деген цифрлармен ауыстырылсын; “120 742 846” деген цифрлар “120 871 573” деген цифрлармен ауыстырылсын; “799 973” деген цифрлар “833 503” деген цифрлармен ауыстырылсын; “248 998” деген цифрлар “258 487” деген цифрлармен ауыстырылсын; 3) 8-баптағы “1 075 700 000” деген цифрлар “1 200 000 000” деген цифрлармен ауыстырылсын; 4) 13-бапта: бірінші бөлікте: екінші абзацтағы “3 911 955” деген цифрлар “3 297 750” деген цифрлармен ауыстырылсын; үшінші абзацтағы “8 629 905” деген цифрлар “8 956 655” деген цифрлармен ауыстырылсын; алтыншы абзацтағы “370 025” деген цифрлар “375 760” деген цифрлармен ауыстырылсын; жетінші абзацтағы “16 902 581” деген цифрлар “15 108 249” деген цифрлармен ауыстырылсын; он үшінші және он төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: “Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдарға; 1941  жылғы 22 маусым-1945 жылғы 3 қыркүйек аралығындағы кезеңде майдандағы армия құрамына кірмеген әскери бөлімдерде, мекемелерде, әскери-оқу орындарында әс­кери қызмет өткерген, “1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін” медалімен немесе “Жапонияны жеңгені үшін” медалімен марапатталған әскери қыз­мет­шілерге, оның ішінде запасқа (отс­тавкаға) шыққандарға, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) адамдарға біржолғы материалдық көмек төлеуге – 4 214 832 мың теңге; Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері бойынша, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жол жүруін, сондай-ақ оларға және олармен бірге жүретін адамдарға Мәс­кеу, Астана қалаларына мерекелік іс-ша­ра­ларға қатысуы  үшін тамақтануына, тұруына, жол жүруіне арналған шығыстарын төлеуді қамтамасыз етуге – 297 178 мың теңге;”; он бесінші абзацтағы “19 957” деген цифрлар “63 256” деген цифрлармен ауыстырылсын; он алтыншы абзацтағы “2 648 300” деген цифрлар “2 751 529” деген цифрлармен ауыстырылсын; он сегізінші абзацтағы “7 645 831” деген цифрлар “7 836 918” деген цифрлармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы жиырмасыншы абзацпен толықтырылсын: “мектепке дейінгі білім беру ұйым-дарында мемлекеттік білім беру тап­сы­рысын іске асыруға – 8 549 489 мың теңге.”; екінші бөлікте: “және он екінші” деген сөздер “, он екінші және он тоғызыншы” деген сөз­дермен ауыстырылсын; 5) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын: “13-1-бап. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюд­жеттерге, Алматы қаласының бюджетіне жа­ңа білім беру объектілерін салуға 11 277 344 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттері көзделгені ескерілсін. Нысаналы даму трансферттерінің атал­ған сомасын облыстық бюджеттерге, Алматы қаласының бюджетіне бөлу және оларды пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.”; 6) 15-бап мынадай редакцияда жазыл­сын: “15-бап. 2010 жылға арналған респуб­ли­калық бюджетте облыстық бюджеттерге, Ас­тана және Алматы қалаларының бюд­жеттеріне облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және Астана мен Алматы қалаларының көшелерін күрделі және орташа жөндеуге 21 105 840 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы транс­ферттердің көзделгені ескерілсін. Ағымдағы нысаналы трансферттердің аталған сомасын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.”; 7) 17-баптағы “17 754” деген цифрлар “18 498” деген цифрлармен ауыстырылсын; 8) 23-баптың бірінші бөлігінде: “26 805 747” деген цифрлар “26 977 780” деген цифрлармен ауыстырылсын; “13 738 713” деген цифрлар “13 910 746” деген цифрлармен ауыстырылсын; 9) 24-баптың бірінші бөлігіндегі “2 609 271” деген цифрлар “3 123 802” деген цифрлармен ауыстырылсын; 10) 25-баптың бірінші бөлігіндегі “28 143” деген цифрлар “29 707” деген цифрлармен ауыстырылсын; 11) 27-бапта: бірінші бөлікте: “Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын сыйақы ставкасы бойынша” деген сөздер алып тасталсын; екінші бөлікте: “бөлу” деген сөзден кейін “және оларды пайдалану тәртібі” деген сөздермен толықтырылсын; орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді; 12) 31-баптағы “38 782 756” деген цифрлар “36 880 234” деген цифрлармен ауыстырылсын; 13) 32-баптағы “1 682 348” деген цифрлар “1 817 293” деген цифрлармен ауыстырылсын; 14) 33-баптағы “23 743” деген цифрлар “12 601” деген цифрлармен ауыстырылсын; 15) 38-баптағы “60 000 000” деген цифрлар “85 000 000” деген цифрлармен ауыстырылсын; 16) 39-баптағы “2 368 400 000” деген цифрлар “2 365 700 000” деген цифрлармен ауыстырылсын; 17) 40-баптағы “70 000 000” деген цифрлар “50 000 000” деген цифрлармен ауыстырылсын; 18) көрсетілген Заңға 5-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді; 19) көрсетілген Заңға 1,4-қосымшалар осы Заңға 1,2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын. 2-бап. Осы заң 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2010 жылғы  наурыздың 29-ы.  № 959