31 Наурыз, 2010

ҚАШАНДА ЕЛ ҚАМЫН ОЙЛАҒАН

706 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Әрбір жылдан үлкен үміт кү­те­тін Қазақстан халқы Елбасының “Жаңа онжылдық – жаңа эконо­ми­калық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты халыққа Жолдауын зор қуанышпен қарсы алды. Елімізді индустриялық да­мыту тетіктері – денсаулық сақтау мен білім беру салаларын, құқық қорғау органдарын қоғамдық ба­қы­лауға алу мәселесіне жіті көңіл бөлінген бұл Жолдау көпшіліктің көкейіне дөп қонды. Әсіресе, құқық қорғау органдарының қыз­метін азаматтық қоғамның ба­ға­лауы демократия қа­ғидаттарының жаңа мүмкіндіктеріне жол ашаты­ны белгілі. Жаңа онжылдықты бағын­ды­рар белестер де ауқымды. Біздің “Нұр Отан” ХДП Кентау қалалық филиалының ұжымы елімізді таяу онжылдықта жан-жақты дамытуға бағытталған стратегиялық жоспар­ды қуаттап, халыққа насихаттау мен оның лайықты жүзеге асуына өз үлесін қосатын болады. “Нұр Отан” партиясының кеңейтілген Саяси кеңесі бюросында Жолдау бойынша белгіленген 7 міндетті әрбір партия мүшесіне жүктелген міндет деп түсінеміз. Осы бағытта барлық бастауыш партия ұйым­дары мен қоғамдық ұйымдарды, үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып атқарыл­ған жұмыстардың сапалы орын­далуына қадағалау жасау үдерістерін жандандырып, әсіресе, жасотан­дықтарды қатыс­ты­ру қолға алынды. С.РАСУЛ, “Нұр Отан” ХДП Кентау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. Оңтүстік Қазақстан облысы.