фото: ашық дереккөз
Ресейдегі еңбек мигранттарының маңызды бөлігін отандастарымыз құрайтындықтан, бұл өзгеріс олардың жұмыс тұрақтылығы мен маусымдық немесе тұрақты келісімшарт жоспарларына тікелей әсер етуі мүмкін.
Қырғызстан мигранттардың құқығын бұзғаны үшін Ресейді сотқа берді
Бұған дейін Ресейдің Еңбек кодексі шетелдік қызметкермен келісім-шартты тек федералдық шектеулер енгізілген жағдайда ғана тоқтатуға мүмкіндік беретін. Жаңа редакция бойынша аймақтық биліктің шетелдік жұмыс күшін тартуға тыйым салу туралы шешімі де жұмыс берушіге келісім-шартты бұзу құқығын береді.
Бұл әсіресе Қазақстан мен ТМД елдерінен келген мигранттарға, шетелдік жұмыс күшін шектеу енгізілген салаларда, атап айтқанда құрылыс, ауыл шаруашылығы, тұрмыстық қызмет көрсету саласы, сауда және логистикада қызмет ететіндерге қатысты. Түзетулерде Мәскеу, Краснодар, Новгород және Нижний Новгород облыстарында жұмыс істейтін шетелдіктерді кейбір салаларға тартуға тыйым салынғаны айтылған.
Енді Ресейге барып жұмыс істеуге ниетті отандастарымызға аймақтық заңнамадағы өзгерістерді мұқият қадағалауға кеңес беріледі. Ресейлік жұмыс берушімен келісімшартқа отырғанда сақтық таныту қажет.