31 Наурыз, 2010

ҚАЛЫС ҚАЛМАУДА

591 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Елімізде болып жатқан  әр түрлі оқиғаларға сергек қарайтын “Нұр Отан” ХДП Ақтөбе облыстық филиалы Алматы облысы Ақсу ауданындағы Қызылағаш ауылында тасқын судан болған қайғылы оқиғаға алғашқылардың қатарында көмек қолын созуға ұмтылды. Филиалдың және оның аудандардағы бөлімшелерінің қызметкерлері бір күндік жалақыларын табиғат апатынан зардап шеккен Қызылағаш ауылының тұрғындарына көмек қорына аударды. Филиалдың ұйтқы болуымен  облыстық және қалалық мәслихат депутаттарының, бастауыш партия ұйымдары, өкілетті және атқарушы билік органдары, коммерциялық құрылымдар өкілдерінің, қала тұрғындары­ның, оқушы-студент жастардың қатысуымен зардап шеккендер үшін қаржы және жылы киім жинау бойынша акция өткізілді. Жалпы, Ақтөбе қаласы бойынша үстіміздегі жылғы  26 наурызға дейін 182444235 теңгенің өнімдері мен киімдері, бір бөлігі қаржылай  жиналды. Оның 407 мың теңгесі қаржылай көмек. Қалғандары – азық-түлік, киім-кешек, құрылыс материалдары, әр түрлі заттар. 88 қап пен қорапқа салынған киімдер,  220 қорап азық-түлік бір вагонға тиеліп, Алматы облысындағы Қызылағаш аулына жөнелтілді. Облыс тұрғындарынан қызыл­ағаш­тықтарға көмекке жылы киімдер мен қаржы әлі түсуде. Бұдан басқа  көмек қорына облыстық әкімдік – 120000000, “Қазақстан темір жолы” АҚ 22000000,  “Автопарк” ЖШС 1000000, “Трансэнерго” АҚ және Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты 500000 теңге, басқа да кәсіпорындар мен мекемелер өз мүмкіндігіне қарай  қаржы аударған. Ал “Ақтөбе халықаралық әуежайы” АҚ 1100000 теңгенің жылы заттарын берген. Қайырымдылық шарасынан жекелеген азаматтар қалыс қалмауда. Олардың қатарында зейнеткер Г.Төлепбергенова, көп балалы ана Н. Шынғалиева, жеке кәсіпкер Д.Өтепқызы және басқалар бар. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.