Бокс • 18 Ақпан, 2020

Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтті

541 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Қазақ Көлік және коммуникация академиясында Tukeshov Boxing Promotions компаниясының ұйымдастыруымен кәсіпқой бокс кеші өтті.

Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтті

Жарыс бағдарламасына сай жеті жекпе-жек ұйымдастырылды. Солардың арасынан алты жұп кәсіпқой рингтегі өздерінің тұсаукесер кездесулерін өткізді. Осы бәсекелерде Заманбек Данабеков Ернат Каратаевты, Қанағат Қартбаев Ақылбай Байдәлиді, Нұрбол Сұлтанбай Бекнұр Әбдірашевті, Бекет Қожабеков Алдияр Мансұрбекті және Намик Нефталиев Русиан Горнушевты ұтты. Кәсіпқойлар арасында біраз тәжірибе жиып үлгерген Берікбай Нұрымбетов Ғалымжан Диханнан басым түсті.

Сонымен қатар әйелдер арасында да бір жекпе-жек ұйымдастырылды. Қанат Әлтаев пен Дастан Сәдуақасов сынды білікті бапкерлерден тәлім-тәрбие алған «MTK Global Kazakhstan» клубының мүшесі  Жансая Рақымберді Гүлмира Төлепбергеннен басым түсті.  

- Осындай бокс бәсекелерін ұйымдастырудағы біздің басты мақсатымыз – кәсіпқой рингте алғашқы қадамдарын жасап жүрген жастарға жол ашу. Солардың арасынан дарынды және жалынды жігіттерді іріктеп алып, келешекте дүбірлі додаларға қосу, – дейді Tukeshov Boxing Promotion компаниясының басшысы Жалғас Түкешов.

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37