Аймақтар • 29 Қаңтар, 2020

Қызылорда: Зират қоршауын ұрлағандар ұсталды

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл 9 қаңтарда Қызылорда қаласының іргесіндегі Ж.Махамбетов ауылының тұрғындары полиция бөліміне белгісіз біреулердің зираттың темір қоршаулары мен қақпасын ұрлап кеткендігі туралы арызданған болатын.

Қызылорда: Зират қоршауын ұрлағандар ұсталды

Қызылорда қалалық Полиция басқармасы қызметкерлері жедел әрекет етіп, осы ұрлыққа қатысы бар деген 2 күдіктіні ұстады. Тексере келгенде олардың ұрланған заттарды металл қабылдау пунктіне өткізгені белгілі болды. Күдікке ілінген екеудің қалада жасалған тағы осындай 2 қылмысқа қатысы бар екендігі де анықталды.           

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір күдіктілер Уақытша ұстау абақтысына қамауға алынып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.