
«Жыл аяқталар тұста қабырғамызға қатты батқан қайғылы оқиға біздің ғана емес күллі әлем жұртшылығының назарын өзіне аударды. Генерал Қайдаров құқық қорғау саласының ғана білгірі емес, еліміздің шынайы патриоты ретінде тәуелсіз еліміздегі барлық салалық генералдардың басын қосып, олардың тәжірибесін кейінгі ұрпаққа үйретуші ұстаз еді. Апатқа ұшырағандардың барша жақындары мен туыстарына сабыр тілеймін», делінген хабарламада.