Қоғам • 18 Желтоқсан, 2019

Елордада 600-ден астам қараусыз қалған электр, сумен қамту, жылыту, кәріз желілері бар

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада 680-ге жуық иесіз жатқан, қараусыз қалған объектілер мен желілер анықталды. 126 км – электр, 7,5 км-сумен жабдықтау, 14 км – кәріз желілері. Сондай-ақ 200-ге жуық трансформатор мен 76 трансформаторлық қосалқы станция балансқа алынбаған. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елордада 600-ден астам қараусыз қалған электр, сумен қамту, жылыту, кәріз желілері бар

- 10 қарашада орын алған жарықтың сөнуі электр желілеріндегі проблемаларды анықтады. Мердігер кабель каналын төсеу кезінде (Сығанақ және Ақмешіт көшелерінің қиылысында) жұмысқа немқұрайлы қарап, жұмысын сапасыз атқарған. Комиссия мәліметтеріне сәйкес, туындаған өрт полиэтилен құбырларының дұрыс орналаспауынан күшейген. Нәтижесінде бір арнада жатқан негізгі және резервтік қуат кабельдері зардап шекті. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Кабельдерді салу жұмыстары екі жыл бұрын жүргізілді, желілер балансқа алынбаған. Қазір біз иесіз, қараусыз қалған желілер мен нысандарды балансқа қабылдау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізудеміз, - деді А. Көлгінов.

Бұдан басқа, сумен жабдықтау және кәріз желілері бойынша механикалық әсерлерге төтеп бере алмайтын шыны пластик және гофрленген құбырларды пайдалану проблемасы анықталды. 34 учаскеде осындай құбырлар орнатылған (90 км). Ашық люктер мен құдықтар да иесіз қалған мүлік қатарына жатады. Елордада барлығы 102 мың люк бар. Тұрғындардың ашық құдықтарға құлауын болдырмау үшін люктердің төрттен бір бөлігі (24,8 мың) арнайы торлармен жабдықталған. Бұдан басқа, пилоттық режимде люктерге автоматтандырылған мониторинг жүйесінің датчиктері орнатылды.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25