Саясат • 18 Желтоқсан, 2019

Нұрлан Нығматулин Бакуде ТүркПА шараларына қатысып жатыр

98 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған парламенттік делегация Бакуде өтіп жатқан Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының шараларына (ТүркПА) қатысуда. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрлан Нығматулин Бакуде ТүркПА шараларына қатысып жатыр

Делегация бағдарламасы аясында «Түркі әлеміндегі парламенттік дипломатия: бейбітшілік пен қауіпсіздік мүддесіндегі өңірлік ынтымақтастықты нығайту» тақырыбында пленарлық отырыс өтіп, онда Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин сөз сөйлейді деп жоспарланған.

Сондай-ақ экономикалық ынтымақтастық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық тақырыптармен, қоршаған ортаны қорғау және және табиғи ресурстарды пайдалану,сонымен бірге, халықаралық қатынастар және заңнамалық мәселелермен айналысатын ТүркПА тұрақты комитеттерінің ұсынымдары талқыланатын болады.

Сондай-ақ Парламент өкілдері Түркі әлемінің материалдық емес мәдени мұраларын қорғау туралы модельдік заңдар жобасын қарастырып, туризм мәселесіне баса назар аударатын болады. Қол жеткізілген келісімдер мен шешімдер Баку декларациясында көрсетілетін болады.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин шетелдік әріптестерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше