Парламент • 04 Желтоқсан, 2019

Сенатта «Байқоңыр» кешенін жалға беруге өзгеріс енгізу мәселесі қаралды

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында «1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы Парламент палатасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Сенатта «Байқоңыр» кешенін жалға беруге өзгеріс енгізу мәселесі қаралды

Хаттама 2017 жылғы 9 қарашада Челябинскіде жасалған болатын.

Сенатор Бекмырза Еламановтың айтуынша, Хаттама Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартының №2 қосымшасына өзгеріс енгізуге бағытталған және Ресей Федерациясына жалға берілген жалпы алаңы 11,6 мың гектар жер учаскесін Қазақстан Республикасына қайтаруды көздейді, оның ішінде: алаңы 1740 гектар екі учаске Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Төретам кентін кеңейту үшін; алаңы 9950 гектар екі учаске – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін салу үшін, «Алматы – Мәскеу» темір жолы және «Бейнеу – Шымкент» газ құбырының желілік бөлігі үшін жалға беруден шығарылатын болады.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

1

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше