Бағдарламалар • 12 Қараша, 2019

«7-20-25»: 10 мыңнан аса қазақстандық займ алды — Ұлттық банк

226 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Премьер-Министр А. Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Е. Досаев 2019 жылғы қаңтар-қазан айларындағы ақша-несие саясатының іске асырылуы туралы баяндады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

«7-20-25»: 10 мыңнан аса қазақстандық займ алды — Ұлттық банк

Е. Досаев атап өткендей, жылдық инфляция біздің күтуімізге сәйкес қалыптасуда және қазанның қорытындысы бойынша 5,5% болды.

Ақылы қызметтерге баға мен тарифтердің өсуі тарихи ең төмен деңгейде қалуда – жылдық көрсетуде 0,8%. Реттелетін қызметтерге тарифтер қазанда жылдық көрсетуде 7,7%-ке төмендеді.

Жыл соңына дейін инфляция деңгейі 5,7-5,8%, яғни 4-6% таргеттелетін дәлізде бағаланады.

«Осы факторларды ескере отырып, Ұлттық Банк 28 қазанда базалық ставканы 9,25% деңгейде және +/- 1 пайыздық тармақ дәлізде сақтады. Ақша-кредит саясаты шаралары шеңберінде Ұлттық Банк айналыстағы ноттар көлемін мамыр-қазан аралығында 30,1%-ға 4,3 трлн теңгеден 3,0 трлн теңгеге дейін қысқартты. Нәтижесінде банктер артық өтімділікті кредиттеуге және экономиканы басқа қаржыландыруға қайта жіберді», — деді Ұлттық банк төрағасы.

Алдын ала қорытынды бойынша, 9 айда төлем балансы ағымдағы шотының дефициті өсіп, 2018 жылғы 9 айдағы $1,8 млрд-пен салыстырғанда $4,7 млрд құрады.

Тікелей шетелдік инвестициялардың таза әкелінуі өткен жылғы көрсеткіш деңгейінде қалыптасып, $5,1 млрд доллар болды. Ол бейрезиденттердің кірістерін қайта инвестициялаумен және резиденттердің шетелдік еншілес ұйымдарынан капиталын қайтаруымен қамтамасыз етілді.

Портфельдік инвестициялар бойынша капиталдың таза әкетілуі 13,0%-ға азайып, 2019 жылғы 9 айда $2,6 млрд болды. Капиталдың әкелінуі Қаржы министрлігінің 3-тоқсанда 1,15 млрд еуроға еурооблигациялар шығарумен және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың жаһандық депозитарлық қолхаттарын сатумен қамтамасыз етілді.

Е. Досаевтың айтуынша, несиелендірудің өсуі артуда.

«Жыл басынан бері жалпы кредиттік портфель қыркүйектің соңында 2,3%-ке 13,4 трлн теңгеге дейін өсті. 1-тоқсанда банктерді қалыпқа келтіру нәтижесінде жұмыс істемейтін қарыздар есептен шығарылған соң сәуір-қыркүйекте кредиттеудің өсуі 7,4% немесе 921,8 млрд теңге болды», - деді Е. Досаев. 

Заңды тұлғаларға кредиттер көлемі 1,7%-ға немесе 121,7 млрд теңгеге өсті. Жеке тұлғалардың кредиттік портфелі 14,7%-ға немесе 800 млрд теңгеге өсті. Ұзақ мерзімді кредиттер қыркүйек қорытындысы бойынша 11,4 трлн теңге, қысқа мерзімді кредиттер 2 трлн теңге болды.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 7 қарашадағы жағдай бойынша 10 676 отбасы 122,8 млрд теңге сомаға қарыз алды. 

Экономиканың басым салаларын жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасын (600 млрд теңге) іске асыру жалғасуда. 1 қарашадағы жағдай бойынша банктерде 248,3 млрд теңгеге 393 жоба қаралуда, 142,3 млрд теңгеге 224 жоба мақұлданды, 55,5 млрд теңгеге 147 қарыз берілді.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда екі қабатты қоймада өрт шықты

Төтенше жағдай • Бүгін, 14:18

Панфиловке баратын жол жаңарды

Инфрақұрылым • Бүгін, 12:40