Саясат • 11 Қараша, 2019

Елбасы «JP Morgan Chase International» басқарма төрағасы Джейкоб Френкельмен кездесті

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әңгіме барысында Елбасы әлемнің жетекші сарапшылары өзара диалог құруы үшін «Астана клуб» алаңының ерекше маңызды екенін атап өтті. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.

Елбасы «JP Morgan Chase International» басқарма төрағасы Джейкоб Френкельмен кездесті

- Қазақстанға қош келдіңіздер. Біздің форумға көрнекті қаржыгер, беделді ғалым және экономист, әлемдегі жетекші қаржылық ұйымның табысты басшысы қатысып отырғанына өте қуаныштымыз. Бүгін «Астана клуб» форумы әлемнің зиялы қауымымен, экономистерімен және саясаткерлерімен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік беріп отыр, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Кездесу барысында тараптар «Астана» Халықаралық қаржы орталығын одан әрі дамыту перспективаларына да назар аударды.

- Сіз АХҚО Қазақстан үшін экономикалық дамуға серпін беретін маңызды трансформациялық шешім екенін атап өттіңіз. Біз бұл бастаманы одан әрі дамытып жатырмыз. Қазіргі уақытта АХҚО қаржы орталықтарының жаһандық индексінде 61-ші орында тұр, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025