Қоғам • 10 Қараша, 2019

Нұр-Сұлтан: қай көшелер жарықсыз отыр?

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы Есілдің сол жағалауында бірнеше көше тұрғындары жарықсыз отыр. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтан: қай көшелер жарықсыз отыр?

«10 қараша күні сағат 15:30-дағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтанның Қонаев, Сығанақ, Түркістан, Алматы, Достық көшелеріндегі тұтынушылар электр жарығынсыз отыр. Апаттан барлығы 25 нысан мен 7 тұрғын үй кешені зардап шекті» деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, елордадағы «Левобережная» 110/10 кВ шағын стансасының 10 кВ кабель каналында өрт шығып, кабель линиясы зақымданған. Салдарынан сол жағалаудағы кейбір тұрғын үйлер жарықсыз отыр.

«10 қарашада түнгі сағат 02.04-те аталған стансадан қосылған нысандардың электрмен жабдықтау линиялары апат салдарынан ағытыла бастады. Осы кабель линияларына қосылған тұтынушылар өрт сөндіру бригадаларының электр тоғы соғуын болдырмас үшін электрмен қамтудан ажыратылды. Апат салдарын жою бригадалары құрамында 15 адам және 6 арнайы техника қажетті жабдықтарымен шұғыл түрде жұмысқа кірісті. 5 жедел-көшпелі бригада нысандарды қайта қосумен айналысуда. Қолда бар барлық мобильді дизель-генераторлар іске қосылды. Кабель желілерін қалыпқа келтіру жұмыстары жалғасуда» делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше