Парламент • 03 Қазан, 2019

Сенаторлар ЕКПА алаңында кездесулер өткізді

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ЕКПА күзгі сессиясы аясында сенаторлар Сәуле Айтпаева мен Сергей Плотников Италия парламенттік делегациясының жетекшісі Алвизе Маньеромен және италиялық делегация басшысының орынбасары, Депутаттар палатасының мүшесі Дебора Бергаминимен жұмыс бабында кездесу өткізді. Бұл туралы Парламент  Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Сенаторлар ЕКПА алаңында кездесулер өткізді

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық пен парламентаралық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Италиялық делегация Италия Парламенті төменгі палатасының Қазақстан мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялағаны туралы қазақстандық сенаторларды хабардар етті. Құжат қазіргі уақытта Италия Сенатының қарауында жатыр. 

Депутаттар Сәуле Айтпаева мен Сергей Плотников ЕКПА аясында Британ делегациясының басшысы сэр Роджер Гейлмен де кездесті.

Қазақстан мен Британияның стратегиялық әріптестігі, екі елдің заңнамалық органдары арасындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелері қаралды, сондай-ақ ағылшын құқығы негізінде қызмет ететін АХҚО қызметі атап өтілді.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше