Әлем • 24 Қыркүйек, 2019

Бітімгерлер БҰҰ медалімен марапатталды

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ливандағы қазақстандық екінші бітімгершілік ротасының әскери қызметшілері БҰҰ-ның «Бейбітшілік қызметінде» медаліне ие болды.

Бітімгерлер БҰҰ медалімен марапатталды

Жүлдені жиынтық ротаның жеке құрамына БҰҰ уақытша күштері штабының бастығы табыстады. Медальдың артқы жа­ғында «IN THE SERVICE OF THE PEACE» деген бедерлі жазу бар. Бұл «бейбітшілік қыз­метінде» деген мағынаны білдіріп, БҰҰ миссия­сына қатысқандықты дәлелдейді. Міндеттерді орындау барысында біздің бітімгершілік рота «кәсіпқой бітімгер» мәрте­бесіне ие болды.

Қазақстан мен Үндістан Үкі­­­меті арасындағы «Үнді ба­­тальонының құрамына қазақ­стан­дық бітімгершілік контин­гентін орналастыру тәртібі туралы» келісімге сәйкес екінші бітімгершілік рота «Ливандағы БҰҰ уақыт­ша күштері» миссиясына қаты­суға алты ай мер­зімге бірін­ші ротаны ауыстыру үшін жіберілген еді. Енді 2019 жыл­дың қараша айында бұл бітім­герлер құрамы елге оралып, ал оларды алмастыруға үшінші бітімгершілік рота аттанады.

Жалпы, бұған дейін қазақ­стандық әскерилер тек ба­қы­лау­шылар ретінде қатысқан еді.

Қазақстан бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жөніндегі бастамалардың жақтаушысы жә­не белсенді қатысушысы екен­дігін айта кеткен жөн. Бі­тім­гер­шілік әлеуетін дамыту Қа­зақ­стан Қарулы Күштерін алда­ғы уа­қытта дамытудың маңыз­ды мін­деттерінің бірі болып та­бы­лады.

Естеріңізге сала кетейік, 1 қыр­­күйекте Израиль әскері Ли­ван аумағына зымырандық соққы жасаған болатын, осыған байланысты БҰҰ бөлімшелерінің құрамына кіретін Қазақстанның екінші бітімгершілік ротасы арнайы міндеттемелерге сәйкес тапсырмаларды орындау үшін толық жауынгерлік әзірлікке келтірілген.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025